21.06.2017, 20:05
Оқылды: 42

Келелі кеңес оздырылды

Karatobe keleli kenes ozdirildi  Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу турасында кеңес өтті.

   Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов төрағалық етіп, күн тәртібіне бір мәселе қойды.


   Жиында сөз алған БҚО бойынша медициналық қызметке ақы төлеу департаментінің бөлім басшысы Балжан Темірғалиева Елбасының бес интитуционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 80-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізілуі турасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын баяндап, медициналық сақтандырудың оңтайлы жолдарын сала басшыларына жіті түсіндірді.

   Одан соң БҚО ІІД медициналық тобының дәрігері Асқар Табылдиев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген соң елімізде медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетіндігін, адамға дәрігерлік тексеруден өту қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай, ем-дом алуына мүмкіндік берілетіндігін тілге тиек етті.

   Жиын соңында арнайы сала басшылары мен қызметкерлері толғандырған сауалдарға жауап алды.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале