23.06.2017, 18:02
Оқылды: 62

Жаңақалада Алашорда қозғалысына мұражай кабинет жасақталмақ

alashЖаңақала ауданында аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Алашорда үкіметінің құрылғанына биыл 100 жыл толуына орай мұражайдың жертөлесінен Алаш арыстарына арнап жаңа бөлме ашылу жоспарлануда.


Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы А.Еслямғалиеваның айтуынша, жертөле «АЛЖИР» түрмесіне сай безендіріліп, Алаш қайраткерлері туралы тарихи құжаттар, фотосуреттер және сол кездегі газет-журналдар беттерінен түсірілген ксерокөшірмелермен толықтырылады. Бұдан басқа XIX-XX ғасырларда пайдаланылған бұйымдар қойылмақ.

Алаш тақырыбын зерттеу және тақырыптық-экспозициялық жоспар дайындау жұмыстары қазірден қолға алынды.

Надежда ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале