23.06.2017, 21:21
Оқылды: 61

Жаңақалада «Туған жер» бағдарламысының 80 пайызы орындалады

Janakala tugan jer bagdarlamasi   Елбасы Н.Назарбаев биыл жалпақ жұртқа рухани дамуымызды бағдарлайтын «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласын ұсынғаны белгілі. Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасында Елбасы  білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді, өлке энциклопедиясын жарыққа шығарып, құлпытастар тарихын зерттеуді басты назарға алған.


         Бағдарламада көрсетілген тапсырмалардың 80 пайызы Жаңақала ауданында аудан әкімі Л.Хайретдиновтің бастамасымен және қолдауымен орындалған. Атап айтсақ, ауданда өлке тарихына қатысты 19 тарихи-мәдени ескерткіш бой көтерсе, өткен жылы Жаңақала ауданының энциклопедиясы жарық көрді. Ауданда 2014 жылдан бері құлпытастарды зерттеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп, биыл аудандық тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Өлке тарихын зерттеу мақсатында ауданымызда арнайы экспедициялық, археологиялық топтар құрылып, жұмыс жасауда. Биыл аудан аумағындағы тарихи орындар Төребай мен Есәлі бай мазарына тарихи зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, Тастөбе шайқасы мен Жұбан молда ескерткіштерін облыстағы сокралды нысандар қатарына жатқызу мақсатында жұмыстануда. Одан бөлек құлпытастарды зерттеу жұмыстары жалғаса бермек.

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале