26.06.2017, 17:42
Оқылды: 37

Жастарға кеңес берілді

Birjan Jastarmen jymis  Жастардың талап-тілек, жекелей мәселелерін тыңдау, жеке сұрақтарына жауап беру мақсатын көздеген «Жастарға - кеңес»  шарасы бұл жолы «Московский» базары алаңында өтті.

  Жастарға әлеуметтік жобалар, тұрғын-үй, жұмыспен қамту, бизнес бастауға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, діни және білім беру, «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», тағы сондай сияқты бағытта тегін және қолжетімді кеңестер берілді.


  «Жастарға - кеңес» кешенді шарасы бұл жолы облыс орталығында және аудандарда бір уақытта ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде үлкенді-кішілі - барлығы 500-ден аса адамға кеңес берілді.

   Айта кету керек, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бұған дейін мұндай шараны мамыр айында ұйымдастырған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале