29.06.2017, 12:21
Оқылды: 58

Теректіде сенбілік үш бағыт бойынша өтті

terekti senbilikТеректіліктер «Таза орман» республикалық акциясына үлес қосты.  Ұйымшылдық  танытқан аудан орталығындағы 23 мекеменің қызметкерлері тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде атқара білді.


Үш бағыт бойынша, яғни Федоров – Богданов, Федоров – Долин және Федоров- Жайық ауылдары аралығында өткен сенбілікте 8 тонна қоқыс шығарылды. Акция аясындағы сенбілікке 1 трактор екі тіркемесімен жұмылдырылды.

Аудан  тазалығы мәртебеміз деп білетін жерлестеріміз осындай игілікті шаралардан қалыс қалмаса екен. Жас пен кәрі бірлесіп, тіл табысып, үндесіп жасалған тазалық жұмыстары жақсылыққа жетелері хақ.

Алина Тогусбаева

Теректі ауданы

сурет автордікі

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале