29.06.2017, 12:26
Оқылды: 57

Ақжайықта қайырымдылық дүкені ашылды

akjaik dukenҚайсыбір үйде де бұрын киіліп, уақыт өте келе сыймай қалған, ескі болса да әлі тұтынуға жарайтын немесе тіпті ұмытылып қалып, текке жатқан киім-кешек табылатыны аян. Ақжайық ауданында осыған дейін жұртшылықпен бір жүздесуде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Әлия Шәрапиева аудан орталығы – Чапаев ауылында қайырымдылық дүкенін ашу жөніндегі ойымен бөліскен болатын. Міне, соған байланысты қам-қарекет көктемде қолға алынған еді.


Бұрынғы баспахана ғимаратында орналасқан, тұрғын үйлер үшін есік, терезе жабдықтарын жасайтын «Жарқын Пласт» жеке кәсіпорны иесі Талғат Қайырғалиев осы бастаманы бірден қолдап, дүкен үшін арнайы орынды тегін берді. Ал аудандық балалар шығармашылық орталығындағы «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Досжан Бижанов бұл «Шапағат» дүкеніне қажетті сөре, т.б. қажеттерін жасауды қолға алды.akjaik

Осыннан үлкенге де, кішіге де жаздық, қыстық киімдерді табуға болады. Аяқ киім іздесеңіз, ол да бар. Тіпті сөрелерде тұрған жұмсақ ойыншықтарға дейін тегін алып, балаларды қуантуға болады. Келушілердің алғашқы легі дүкеннен керегін таңдап, қуанышқа бөленді. Ауылдардағы жастардың бастамасымен, яғни олардың қаржылай үлесіне  дүкеннің ашылуымен тұспа-тұс күні Чапаев ауылындағы бірқатар аз қамтылған отбасыларға азық-түліктің тапсырылуы игі іс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дүкен сәрсенбі, жұма күндері жұмыс істейді. Ал үйлеріндегі басы артық киімді осында жеткізушілер легі толастар емес.

Бекболат РАХМЕТҚАЛИҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале