30.06.2017, 11:09
Оқылды: 45

БҚО-да өткен жылы қызмет кезінде 8 адам қаза тапты

kaypsizdik 2Облыс әкімдігінде еңбек қорғау және өндіріс қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар-мәжіліс өтті.


Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен болған жиынға мемлекеттік құрылым, өндіріс, құрылыс кәсіпорындарының, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.

-Бүгінгі таңда еңбек қорғау және өндіріс қауіпсіздігі - өзекті мәселелердің бірі. Осы жайтқа жете мән бермеудің салдарынан түрлі жағдайлар тіркеліп отырғаны белгілі. Еліміздің Конституциясына сәйкес әрбір жұмыс беруші өзінің қол астындағы қызметкерге еңбек етуіне, өндірістік қауіпсіздікті сақтауға байланысты барлық жағдай жасауы тиіс. Кейбір азаматтардың осыған немқұрайлы қарауының салдарынан қызметкерлер жұмыста жүріп жарақат алып, өзі де, отбасы да қиын жағдайға тап болып жатады. Мұндай жағдайларды болдырмау, алдын алу бағытында бүгін тағы бас қосып отырмыз,-деді жиынды ашқан Марат Лұқпанұлы.kauipsizdik

Содан кейін облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Азамат Айтуев баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда, өткен жыл ішінде өңірімізде 76 адам қызмет бабында зақым алып, оның 4-і қаза болды. Әрбір үшінші жағдайда қызметкерлер еңбекке толығымен жарамсыз деп танылған. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша жарақатқа байланысты 119 дерек тіркелген. Оның 27-сі ірі, 25-і орта, 34 шағын кәсіпкерлік субъектілерінде болған. Ал сала бойынша қарастырғанда бюджеттік, құрылыс, күзет және коммуналдық салаларда өндірістік жарақаттар жиі болған.

kayipsizdik 3БҚО кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайырғали Серікқалиевтің баяндауынша, былтырдан бастап арнайы өндірістік кеңестер құру арқылы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыруға бағытталған Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта кәсіподақ ұйымы бар кәсіпорындарда 519 өндірістік кеңестер құрылып, өз міндеттері шеңберінде еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырып келеді.

Жиын барысында өндірістік жарақаттар жиі тіркелген мекеме-кәсіпорын басшыларының да есебі тыңдалды.

Семинар соңында мекемедегі еңбек заңдылығы тиісті талапқа сай деп табылған «Нұргазқұрылыс» және «РегионГаз Проект» ЖШС-ларға сенім сертификаттары табысталды.

Сәкен Әбілхалықов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале