Облыс әкімі Алтай Көлгінов қала активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін Теректі ауданын басқарып келген Мұрат Мұқаев Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен қала әкімі болып тағайындалды.
- Қалалық мәслихат депутаттары мен Орал қаласы ардагерлерімен бірлесе Мемлекет басшысының қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауда, қала тұрғындарының әл ауқатын арттыру жолында табысты жұмыс тілеймін. Сіздердің алдыңызға бірнеше тапсырмалар қойылады. Біріншіден, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру. «Нұрлы жол» және «Нұрлы Жер» бағдарламаларын және салалық бағдарламалар бойынша қойылған міндеттерді сапалы орындау. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалау. Осы жұмыста еңбектеріңізге жеміс тілеймін,- деді облыс әкімі.
Мұқаев Мұрат Рахметұлы 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.
Екі жоғарғы білімі бар (экономист, заңгер мамандықтары бойынша). Еңбек жолын 1992 жылы аудандық деңгейде салық инспекциясының есепке алу жөніндегі инспекторы болып бастады.
1994-1997 жылдары банк саласында қызмет атқарды.
1997-2011 жылдары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша кеден саласында қызмет атқарған.
2011-2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
2013-2016 жылдары Жәнібек ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.
2016 жылдың мамыр айынан бастап Теректі ауданының әкімі болды.
zhaikpress.kz