13.07.2017, 18:32
Оқылды: 56

Қайыңды лагері талапқа сай жұмыс жасауда

 Kaztalovka  Қазталов ауданында төрт демалыс лагері жұмыс жасап, оқушылардың көңілді демалуларына жағдайлар жасалуда.  Сондай демалыс лагерінің бірі - Қайыңды ауылдық округінде орналасқан демалыс лагерін айтуға болады.


   2005 бастап жұмыс жасап келе жатырған бұл лагерь жаз айында оқушылардың өз уақыттарын тиімді өткізуге негіз қалап отыр. Лагерь меңгерушісі Жанна Жайлаубаева өз ісіне ұқыпты басшы. Бұл лагерьде балалардың демалуы үшін тиісті ережелер қатаң сақталады. Соның  нәтижесінде санитарлық-гигиеналық талаптар  ешқандай бұзылып көрген жоқ. Демалған оқушылардың ата-аналары тарапынан да наразылықтар болып көрген емес.

   Міне,  бұл балаларға жасалған жақсылық! Мына суретте қазіргі демалып жатырған әр мектептен барған бүлдіршіндер.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале