Оралда уақытша бейімдеу және жинақтау орталығының кезекшісі - ҚР Ұлттық ұланы 5517-әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальоны әскери тобының бастығы, сержант Асқарбек Аманжолов мәліметтерді тексеру барысында Б. деген азаматтың тергеуден бой тасалап, ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес (ірі көлемдегі ұрлық) іздестірілуде жүргендігін анықтады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның нәтижесінде 14 шілде күні сағат 17.30 шамасында Бөрлі ауданы Бумакөл ауылында тұратын Б. Орал қаласындағы уақытша бейімдеу және жинақтау орталығына жеткізілді. Содан кейін ұсталған күдікті Орал қалалық ішкі істер басқармасына берілді. Тексеру барысында 1981 жылғы Б-ның Орал қаласында жасалған ұрлық бойынша іздестірілуде жүргендігі белгілі болды. Сол күні Ақтөбе қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері алаяқты қолға түсірді.
6655-әскери бөлімнің құрамында сержант Олжас Тәліпов, қатардағы жауынгерлер Берік Сырбасбай мен Абай Дархан бар әскери тобы сағат 18.30 шамасында Жанғожа батыр көшесі бойындағы «Дельфин» дүкені маңында пәтерлерді жалға беремін деп, алдау жолымен жәбірленушінің 10 мың теңгесін қағып кеткен алаяқты ұстады. Күдікті Елек полиция бөліміне жеткізіліп, ҚР ҚК 190-бабына сәйкес (алаяқтық) оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Қырағылығы үшін аталған жауынгерлер ынталандырылды.
Елжан Ералы
zhaikpress.kz