19.07.2017, 17:46
Оқылды: 44

Ақжайық ауданында «Қазақстанның киелі жерлері» жобасымен карта жасақталуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласында тұжырымдалған міндеттерді жүзеге асыру үшін, Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен кездесу өткізді.


Шарада тиісті бағдарламалар жайында егжей-тегжейлі сөз болды. Аудан басшысы өз сөзінде өмірімізге аса қажетті, яғни қоғамдық сана-сезімді серпілтетін бағыттар жайында баяндады. Айталық, «Қоғамдық сананы жаңғырту», «Туған жер» бағдарламалары - ұлтты ұйытуға, ұлы мақсаттарға арналған тарихи сабақтас бағдарламалар. Өлкетану аясында мәдени-тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру ісі, «100 жаңа есім» жобасы қолға алынды. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасымен карта жасақталуда.

Кездесуде  Чапаев ауылдық округінің әкімі Нұртаза Нәбиденов, Ақсуат ауылдық округінің әкімі Дәмелі Бекен, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Әлия Шәрапиева ой-толғамдарымен бөлісіп, өздері тарапынан атқарылар шараларға тоқталды. Қоғамдық ұйым өкілдерінің пікірлері тыңдалды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Альмира Мұшағалиева, Алмалы ауылдық әйелдер кеңесінің төрағасы Жанаргүл Құспанова, Есенсай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Меруерт Қауымбаева жаңғыруға ел болып қалай үлес қоса алатындықтары жайында әңгімеледі.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале