19.07.2017, 11:14
Оқылды: 37

Велошабандоздар Федоров ауылына аялдады

Шыңғырлау ауданынан 15 шілде күні бастау алған веложорық аудан орталығы Федоров ауылына кеп аялдады.


Аталмыш веложорық облыстық балалар және жасөспірімдер туризм орталығы және облыстық білім беру департаментінің қолға алуымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Жорыққа 9 аудан мен Орал қаласының жас велошабандоздары қатысуда. Жоспар бойынша жорыққа қатысушылар бүгін Пойма ауылында түнеп, ертең, яғни, 20 шілде күні Орал қаласына кеп тоқтайды.

Ауданымыз бойынша «шайтанарбаны» тізгіндеушілердің қатарында  3 оқушы және жетекші ретінде аудандық балалар және жасөспірімдер туризм орталығының директоры Н.Қоқашев бар. Федоров ауылына аялдаған жорық қатысушыларын округ әкімі М.Энгелов қарсылап, сапарларына сәттілік тіледі.

 Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале