28.07.2017, 16:42
Оқылды: 16

Сот орындаушылардың қызметіне сын айтылды

Қаратөбе ауданында Бас прокуратураның «Алимент төлемеуге 30 қадам» жобасы аясында «Борыштан құтыл, борышкер» атты семинар өтті.


Күн тәртібінде алимент өндіру туралы атқару құжаттарының орындалу жағдайы, борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесі, сот актісін орындаудан жалтарған борышкерлерді әкімшілік, қылмыстық жауапқа тарту жағдайы, жасөспірімдердің құқықтарын қорғауда құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың және сот орындаушылардың байланысы турасында атқарылған жұмыстар талқыға түсті.

Семинарда аудандық прокуратураның прокуроры Райхан Мұқанова жеке сот орындаушының қызметін сынға алып, аталған санаттағы атқару құжаттарын орындауда тиісті шаралар толық атқарылмай жатырғанын, учаскелік полиция инспекторы мен жергілікті атқарушы органдардың борышкерлермен байланысы мүлдем жоқтығын, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді әкімшілік, қылмыстық жауапқа тарту мәселесі төмен деңгейде екендігін айтты.

Жиын соңында уәкілетті органдарға жоба аясында тиісті тапсырмалар беріліп, орындалу жағдайы 2017 жылдың 3 тоқсанының соңында тыңдалатынын ескертілді.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале