1.08.2017, 15:18
Оқылды: 95

Халықаралық көрмеге келушілер үшін БҚО-да үш бағыттағы маршрут əзірленген

Бұл жөнінде Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыс əкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов хабарлады.

Оның айтуынша, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтары үшін Шалқар көлі мен Бөкей ордасы ауданына жəне мұражайларға жеткізетін туристік және экскурсиялық  жол-бағдарлар дайындалған. Келушілер өңірдегі туристік нысандар мен көрікті орындар туралы барлық ақпаратты www.visit-west.kz сайтынан оқи алады.

Айта кетейік, өңірде 14 туризм жəне экология орталығы бар. Облыстағы балалар-жасөспірімдер туризмінің даму деңгейі республика бойынша алғашқы орында. Биыл аталған бағытта қызмет ететін облыстық орталыққа ЮНЕСКО клубының мəртебесі берілген. Былтыр өңірдегі туристік базалар 86 868 адамға жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгенің қызметін көрсеткен. 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 48%-ға артық. Қазіргі кезде «ҚПО б.в» компаниясымен «Орал» халықаралық əуежайын жөндеу, «Еlim» əлеуметтік жобасы негізінде қалада ойын алаңдарын жөндеу, италяндық «Tuvia» компаниясымен заманауи қонақүй кешенін салу бағытында келіссөздер жүргізілуде. Жайық өзенінің экологиялық ахуалын түзеу мақсатында шекаралас Ресей мен Қазақстан Үкіметі арасында кездесу жəне экспедиция ұйымдастырылды.

Арман Өтеғұлов облыста "Саят" этно-туристік орталығы ашылатынын да хабарлады.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Сурет Яков Федоровтікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале