24.08.2017, 16:31
Оқылды: 15

Чапаевтағы байқауға 41 үміткер қатысты

Ақжайық ауданы орталығы – Чапаевта дәстүрлі «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық фестиваль өтті.


Шараға 16 ауылдық округ бойынша 41 үміткер қатысып, түрлі аталымдарда бақ сынады. Алдымен осы саладағы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Фестивальге арнайы келген «БҚО мүгедектері ерікті қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Жұмажан Қожжанов:

– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен түрлі бағдарламалар ұсынылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға, олардың қоғамға етене араласуына мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі фестиваль соның бір айғағы, -  деді ол.

Байқау нәтижесінде «Үздік жасампаз»аталымы бойынша Құрайлысай ауылынынан Арайлым Мектепова, «Көркем сөз» аталымы бойынша алмалылық Анель Сағындықова, «Үздік орындаушы» аталымы бойынша базаршоландық Мұратбек Отарғалиев, «Үздік биші» аталымы бойынша Жаңабұлақ ауылының қатысушысы Ақтілек Душева жеңімпаз танылды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғысхаттар мен арнайы тағайындалған естелік сыйлықтар табысталды.

Жүлдегерлер жуырда облыс оралығында жиырмасыншы рет өткелі отырған облыстық фестивальге қатысады.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале