29.04.2024, 21:00
Оқылды: 60

Балалардың жағдайы хақында комиссия отырысы өтті 

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссияға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, сөз кезегін баяндаушыларға берді.

FB_IMG_1714399406214

Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Еділ Елемесов пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мөлдір Әбдірешева бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерде балалар мен олардың ата-аналарына арналған адамгершілік-рухани білім беру және қоғамда отбасы, бала құндылығын қалыптастыру, репродуктивті денсаулықты қорғау, қауіпсіздік кұралдарын пайдалануды насихаттау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, балаларды кибербуллинг пен киберқылмыстан корғау бойынша бейнероликтер, постерлер әзірлеу және орналастыру туралы баяндады. Сонымен қатар Тау, Қамысты ауылдық округтері бойынша кәмелетке толмағандарға төнген кауіпті анықтау, алдын алу, жағдайы төмен, қолайсыз отбасылардағы кәмелетке толмағандармен мектеп, округ әкімдерінің жұмысы хақында Тау ауылындағы Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы Әлия Бисенғалиева мен Қамысты ауылындағы Е.Ниетқалиев атындағы орта мектебінің директор Еркін Есенова айтып өтті.

FB_IMG_1714399410706

Жиын барысында комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныстарды ортаға салды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале