Жәнібек ауданы Жиенбет қыстауында заңсыз киік аулап жүрген екі адам қолға түсті. Бұл туралы Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ақоба ауылдық округіндегі Жиенбет қыстағы маңында Ақоба ауылының және Қазталов ауданы Қошанкөл ауылының Г. және К. деген адамдар заңсыз киік аулап жүрген жерінде қолға түскен.
Қазір бұл іске байланысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Н.Өтей
zhaikpress.kz