6.09.2017, 14:37
Оқылды: 59

«Жайық Прессте» жаңа кітаптың таныстырылымы өтеді

Ертең, 7 қыркүйек, сағат 11.00-де «Жайық Пресс» медиахолдингінде журналист, тележүргізуші, ақын Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» романының таныстырылымы өтеді. Шараға тарихшы ғалымдар, жергілікті өлкетанушылар мен студент жастар қатыспақ. Кеш барысында деректі фильм көрсетіліп, тарих ақтаңдақтары турасында сүбелі әңгімелер айтылады.


 

Тарихи дерек бойынша жазылған «Он төрт» атты жаңа роман – тарихымыздың кейбір ақтаңдақ беттерін түгендеуге тың бір талпыныс. Бұл кітапта автор – Мұнайдар Балмолда зұлматты 1937 жылдан кейін алаш қайраткерлерінің аманатын арқалап қалғандай өздерін ұлт мүддесіне қызмет етуге жегіп, «Қазақ халқын қорғаушылар Одағы» атты жасырын антикеңестік ұйым құрып, бір іске жұмылған қазақтың он төрт жас оғланының қайғылы тағдырын суреттейді.

«Он төрт» романының алғы сөзін жазған М. Өтемісов атындағы БҚМУдың «Қазақстан тарихы және өлкетану» ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің үздігі Жаңабек Жақсығалиев: «Бекмаханов ісінен» кейін ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға қазақ жазушылары білек сыбана кіріскені белгілі. Құдайға шүкір, І. Есенберлиннен басталған алтын шынжыр үзілген жоқ. Кеңес дәуірін былай қойғанда, ел тәуелсіздігімен бірге қаншама тарихи романдар жазылып жатыр. Соның бірі – қолымыздағы дүние.

Айта кетейік, кітапты сол күні "Жайық Пресс" медиахолдингінің фойесінде сатып алуға мүмкіндік бар. Мекен жайымыз Мұхит көшесі, 57/қабат. Қатысам деушілерге есік ашық.  

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале