Қазталов ауданы Қошанкөл ауылының "Алау" лагерінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы «Туған жер" бағдарламасы шеңберінде және Алаш Орданың 100 жылдығына орай "Ғұмар Қараш ізімен" атты аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Туған жердің қадірі" тақырыбында аудан жастары аудан әкімі Абат Шыныбековпен бейресми түрде кездесу өткізді.
Кездесуде сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков және "Жас Отан" Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев, - Бүгінгі күнде жастар араласпайтын шаруа жоқ деуге болады. Ауданымыздың қай саласы болмасын жастардың өзіндік қолтаңбалары қалуда. Бүгінде Елбасының жүргізіп жатқан реформалары да мәңгілік Қазақ елі үшін, ал соны іске асыратын да, оның жемісін де көретін - өскелең ұрпақ сіздерсіздер. Сондықтан бұндай жасампаз істерден бойларында күш-қуаты тасыған, жігерлері жанып тұрған жастар шет қалмау керек. Міне, жастармен кездесудегі негізгі мақсат да осы, -деді.
Жасыл желекті, тамаша табиғат аясында өткен кездесуде жастар қызықты тренингтер өткізіп, әсем әннен шашу шашты.
Сондай-ақ кездесуде жастар үлкен белсенділік танытып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарын аудан әкімі Абат Шыныбековке қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жастардың бейресми кездесуі флешмобқа жалғасты.
Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz