12.09.2017, 14:44
Оқылды: 89

Жымпиты мен Бұлдыртыда тұрғын үй саясаты жүзеге асуда

Сырым Нұрлы жер   Жалға берілетін тұрғын үй – бұл ел азаматтарын, ең алдымен, жас отбасыларды дербес баспанамен қаматамасыз ететін нақты жол.

   «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сырым ауданы бойынша құны 126 млн. 400 мың теңге құрайтын жалпы алаңы 2949,0 шаршы метрлік 24 жалға берілетін тұрғын үй Жымпиты және Бұлдырты ауылдарында салынуда.  Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын салуға жергілікті жерден 20 құрылысшы еңбекке тартылып, қосымша жұмыс орындары ашылуда.


   Сонымен қатар ауданда тұрғын үй мәселесін шешу бағытында аудан орталығынан үш қабатты тұрғын үй құрылысын салуға 2017 жылы аудандық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау үшін 3 млн. 908 мың теңге қаржы қаралды. Аудан орталығы Қарасу мөлтек ауданынан салынатын бұл үш қабатты тұрғын үй баспанаға мұқтаж көптеген отбасылардың мәселесін шешетіндігі анық.

Мүсірбек АЙТАШЕВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале