14.09.2017, 17:29
Оқылды: 98

Қайрат Жұмағалиевке арналған мүшəйра қорытындыланды

IMG-20170914-WA0143Мүшəйра жүлдегерлерін ақынның жары София Жұмағалиева марапаттады.

Қатысушылар қазылар назарына «Қазақтың Қайраты» - ақынға арнау, "Нарыннан Ақ Жайыққа дейін" және еркін тақырып бойынша жырларын ұсынды.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақтың айтуынша, байқауға 5 автордан өлең түскен.

- Қазақтың көрнекті ақыны әрі белгілі аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев туған жеріне, еліне қадірлі. Автордың 30-дан аса жыр жинағы бар. Облыстық қос басылымның 100 жылдығына орай жарияланған мүшәйраның негізгі мақсаты – ақын есімін қалың көпшілікке, жас ұрпаққа ұғындыру, насихаттау, талантты жастардың шығармашылық ізденісін арттыру, ақындардың шеберлігін шыңдап, қаламын ұштай түсу.

Мүшәйра қорытындысы бойынша оралдық Мәрлен Ғилымхан, семейлік Қуаныш Еркінұлы және Жаңақала өңірінен Сыйлыхан Жұмасалық байқаудың жүлдегері атанды.

Ақынның жары София апамыздыңа қамзол жабылып, құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, Қайрат Жұмағалиев 2009 жылы туған жері Батыс Қазақстан облысына оралып, Орал қаласында тұрды. Атамекеніне сағынышпен келген ақын «Жайық Пресс» ЖШС-да бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет етті. Еліне оралғаннан кейін тың туындылар жазып, өткен жылы «Жарық дүние» атты өлеңдер кітабын шығарды. Ақын ағамыз 2013 жылы мәңгілік мекеніне аттанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале