27.09.2017, 11:53
Оқылды: 37

«Жаңақала шағын футбол лигасы» құрылды

1Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Жаңақала шағын футбол лигасы» құрылды.


Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, NEET санатындағы жастарды қоғамдық өмірге араластыру мақсатында құрылған аталмыш лига бүгін жұмысын бастамақ.

Алдын ала ұйымдастырылған пресс-конференцияға Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалаубек Теміров, жастар ресурстық орталығының басшысы Жақсылық Хайрелов, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Сатыбаев және ауыл жастары қатысты.

Шара барысында ойынның қалай өтетіні, ойын ережелері түсіндірілді. Ұйымдастырушылар команда мүшелерінің сұрақ-ұсыныстарына жауап берді.

 Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале