25.10.2017, 11:50
Оқылды: 48

Иранға жыл соңына дейін 1500 тонна ет жеткізу жоспарланған

Орталық Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан өңір басшысы Алтай Көлгінов Елбасының былтырғы Иранға сапары өңір экономикасы үшін жақсы мүмкіндіктер ашқанын айтты.


 

- Өңіріміздің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі – "БатысМарқаЛамб" ЖШС Иран еліне тұрақты түрде ет экспорттауда. Биылғы жылдың соңына дейін  1500 тонна ет жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда әуе рейстері арқылы апта сайын қарқынды түрде тасымалдануда. Сонымен қатар «Кублей» кәсіпорны жылдың соңына дейін келісім шартқа сәйкес 200 тонна мұздатылған қой етін Иранға экспорттауда.

Сонымен қатар жуырда болған Үкіметтің Қытай еліне сапары барысында біздің өңірде 30 мың мал басына арналған бордақылау алаңын ашуға келісім жасалды.

Осы сала бойынша өңірде 8,5 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олар: жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін жаңа құс фабрикасы, өнім көлемі 120 тоннаны құрайтын «Жайық Ет», қуаты 6 000 тонна өнім өндіретін «Кублей» кәсіпорындары жұмыс істеуде. Бұған дейін малшаруашылығы дамыған өңірімізде тері өңдейтін кәсіпорын болмаған. Жақында іске қосылған «ПОШ Руно» кәсіпорны тері өңдеумен айналысып, тері өнімдерінен аяқ киім тігу ісін қолға алды.  Сондай-ақ жылдық қуаты 5 000 тоннаны құрайтын ұн өнімдерін өндіретін Желаев макарон фабрикасы қалыпты жұмыс істеуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале