27 қазанда Астанада республикалық форум өтті. Форум «Жалпы еңбек қоғамына» атауымен ұйымдастырылылды. Айта кетейік, шарада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Олардың қатарында «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік жетекшісі», «Үздік жас өндіріс қызметкері» сонымен қатар еліміздің үздік әлеуметтік қызметкерлері бар.
Жеңімпаздардың қатарында батысқазақстандық азаматтар да бар. Мәселен, «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» аталымында «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Меруерт Санкаева марапатталды.