14.11.2017, 16:53
Оқылды: 59

Мереке Құлкенов: «Мен Есенғалиды оқығанда қазақ екенімді мақтан тұтамын»

Оралда Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ақын Есенғали Раушановтың «Еркем, Жайық» атты шығармашылық кеші өтуде.

Шарада сөз алған қаламгер-журналист, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мереке Құлкенов: «Зейнолла ағамыз «личность» деген сөзді бүтін бітім деп орысшаға аударды. Есенғалиды қазақ поэзиясындағы бүтін бітім дер ем. Бұның артық ауыс жері жоқ. Басын жел жеп, жаңбыр жуған бүп-бүтін тастай. Есенғалиға балаң деген сөз жараспайды. Қазақ поэзиясына «сендер барсыңдар ма?» деп келмеді. «Мен бармын, қайдасыңдар?» деп келді. Есенғалидың 10 оқып жүргенде топтама өлеңдері шықты. Сонда Жұмекен «Бұл шынымен бала ма?» деп басын шайқаған екен. Мен Есенғалиды оқығанда қазақ екенімді мақтан тұтамын» деді.

Айдана Хамидуллина,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале