16.11.2017, 11:39
Оқылды: 19

Теңге санап, тең бөлген

_DSC0779Зеленов аудандық мәдениет үйінде қаржы саласы мамандарының кәсіби мерекесі мен ұлттық валюта - Теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ауданның барлық ауылдық округтер мен бөлім және мекемелердегі қаржыгерлердің басын қосқан мерекелік шараның алғы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов: -Қазақ елінде ежелден  сауда-саттық пен қаржылық байланыс болғанын тарих дәлелдеп жатыр. Ал, сіздер Ұлы далада ғасырлар бойы қалыптасқан қаржыгерлік дәстүрдің ізбасарысыздар. Біз биыл қаржы - экономика органдарының құрылғанына 96 жыл толғанын атап өтудеміз,  оның кейінгі 24 жылында тәуелсіз мемлекет ретінде төл теңгемізбен жұмыс істеп келеміз. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күре тамыры – қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз ешқандай сала толыққанды қызмет ете алмайды,-деді.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сандуғаш Айтқалиева мен аталмыш бөлімнің сектор меңгерушісі Сәуле Сәрсенбаеваны БҚО әкімінің орынбасары Қонысбаева Бибігүл Тишанқызының алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ жиын барысында білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР-ның білім және ғылым минстрі Ерлан Сағадиевтің алғыс хаты аудандық білім беру бөлімінің бас экономисі Лидия Видершпан табысталды. Қаржы саласында біраз жыл қызмет етіп, өзінің біліктілігі мен білімін көрсете білген тағы бірнеше қаржыгерді аудан әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хатымен марапаттады.

Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының тамаша концертіне ұласты.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале