16.11.2017, 17:46
Оқылды: 62

Дін істері министрі Н.Ермекбаев: «Облыстарда терроризмге қарсы күрес жұмыстары күшейтіледі»

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі – Республикалық терроризмге қарсы орталығы штабының мүшесі Нұрлан Ермекбаев облыстық терроризмге қарсы комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Облыс әкімі А.Көлгіновтің төрағалығымен өткен отырыс барысында  өңірде жүргізіліп жатырған терроризмге қарсы күрес бойынша іс-қимылдар мен ҚР терроризмге қарсы орталығы тарапынан келіп түскен тапсырмалардың орындалу барысымен таныстырды.

Өз кезегінде Н.Ермекбаев дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен алдағы уақытта болуы мүмкін өзгерістер жайында баяндады.

Отырыста «Батыс Қазақстан облысындағы діни ахуал»,  «Пенитенциарлық жүйе контингенті арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу, дінмен байланысты қылмыстары үшін жазасын өтегендерді әлеуметтік тұрғыдан адаптациялау» тақырыбындағы баяндамалар жасалды. Сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің таралуына ықпал ететін тәрбие ісі, білім беру салаларындағы және әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді шешуде облыс аудандарындағы терроризмге қарсы күрес жұмыстары туралы айтылды.

Жиын қорытындысында терроризмге қарсы күрес мәселесі елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды екендігіне ерекше тоқталған министр алдағы уақытта да облыстарда бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілетінін айтты.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале