4.12.2017, 17:05
Оқылды: 24

Шыңғырлауда бокс турнирі өтті

Шыңғырлау ауданында желтоқсан айының алғашқы күндері дәстүрге айналған «Жарас» ШҚ жүлдесі үшін Социалистік Еңбек Ері Марат Ержановты еске алуға арналған бокс турнирі өтті.

Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арнайы ұйымдастырылған шараға Орал қаласы, облыс аудандарының командаларымен қатар Атырау, Ақтау қалаларынан, көрші Ресей елінен келген балғын боксшылар қатысты.

Үш күнге созылған шаршы алаңдағы шайқаста шыңғырлаулық жасөспірімдер Мұрат Әли, Нұрмұхан Жиенәлиев, Вадим Козел, Темірлан Қарабалин, Илья Киселев жеңімпаз атанды. Сонымен қатар оралдықтар Данияр Кенжеұлы, Азамат Асқатұлы, Нұрсұлтан Киргенев, Әлихан Туралиев, ақтаулық Заманбек Оңғарбаев, Айтбек Досмұхамбет, Бекарыс Маратов, Мұхтар Елдашбаев да өз салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Дәстүрлі турнирдің жабылу салтанатына жарыстың бас демеушісі «Жарас» ШҚ басшысы, елжанды азамат Мирболат Тасмағамбетов сөз сөйлеп, спортшыларға табыс тіледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Адақ ШОТПАНОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале