5.12.2017, 11:21
Оқылды: 49

Көктерек пен Жетібайға ауыз су келді

 

Биылғы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті күні Бисен ауылдық округінің Көктерек, Жетібай елді мекендері тұрғындары үшін «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су енгізілумен есте қалатын болды.

Бұл екі елді мекенді қамтитын су желісінің ұзындығы – 20,5 шақырым. Жалпы құны 184 млн. 645 мың теңгені құрайтын нысанның тендерін жеңіп алған «Жетібай» ЖШС-і жеті айда құрылысты аяқтап шықты. Осы қуанышты күнге орайластырылған салтанат Көктеректе өтті.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов Жетібай-Көктерек су құбырын жүргізген «Жиенбай» ЖШС-нің құрылтайшысы Ахметқали Қарағойшинге алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыстады. Ал елді мекендердегі су айдау ғимараттары есігіне керілген лентаны қию құрметі аудан әкімі мен ауыл ақсақалдарына ұсынылды.

Күні бүгін көктеректік оператор Нұрлыбек Макаримов 79 үйге, жетібайлық оператор Жарқынбек Жұмағалиев 47 үйге су жіберіп отырғанын естідік.

– Қай-қай қыстақта да жерасты сулары тартылып, ащып бара жатқаны жасырын емес. Екі елді мекен төңірегіндегі малшылар да таза суға зәру. Ақшасын төлеп, таза суды өздері тасып ішуге әзір. Тек жобада екі жерде де су алатын шүмек (гусак) қаралмапты. Осы олқылық түзетілсе игі,-деді жетібайлық ауылнай Бисен Ижанов.

Каримолла ҒАЙСИН

Бөкей Ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале