8.12.2017, 17:03
Оқылды: 51

«Әр балаға 2260 теңге берілетіні туралы ақпарат жалған»

 

Бірнеше күннен бері Whatsapp желісі арқылы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға жәрдемақы тағайындау туралы жаңа заң шықты деген ақпарат тарап жатыр. «Әр балаға 2260 теңге беріледі. Көпбалалы отбасы, жалғызбасты ана, жұмыссыз деп шектемейді, барлығына бірдей тиесілі. Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек» деген мәлімет қаншалықты рас? Осының анық-қанығын анықтап беріңіздерші?

Айман ШОЙБЕК,

жас ана

 

Марат БАССАРОВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»

департаментінің директоры:

– Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті әр балаға тоқсан сайын төленетін жәрдемақы туралы мессенджерлер арқылы таратылған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

2017 жылға мынадай жәрдемақылар тағайындалған:

  1. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына байланысты біржолғы төлем – 86 222 тг.
  2. Төртінші және одан кейінгі балаға біржолғы төлем – 142 947 тг.
  3. Бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем: бірінші балаға – 13 070 тг., екінші балаға – 15 452 тг., үшінші балаға – 17 812 тг., төртінші және одан кейінгі балаларға – 20 195 тг.

Оған қоса, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға жәрдемақы отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлiк себетi көлемінен төмен болған жағдайда тағайындалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 1411 байланыс орталығына жүгіну ұсынысымен хабарламалардың жаппай таратылуына байланысты, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Динара Жұмабекқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале