Мал бордақылау бағытындағы кооперативтерді қаржыландыру үшін «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы арқылы аудандағы «Мирхат и К» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрал-жабдықтар және мал тасымалдайтын рефрижератор сатып алмақ. Құны 36 миллион теңге тұрады.
Бұл туралы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандары айтты.
Сол сияқты «Береке» бағдарламасына бөлінген тапсырмадағы 1231 бойдақ мал сатып алынып, бордақылауға 230 миллион теңге несие қаржы бөлінсе, соның күні бүгін 150 миллион теңге қаржысы игерілген.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы