27.12.2017, 15:22
Оқылды: 47

Сырымдық жайдарман тобы көптің көңілінен шығуда

Жайдарман ойындарының премьер лигасыныңбиылғы жылғы чемпионы болып «Біздің уақыт» жайдарман тобы танылды. Көгеріс негізгі мектебінің оқушыларынан құралған топтың бұл жетістігі – ауданның өнер саласы үшін серпіліс ретінде қабылданды.

«Біздің уақыт» жайдарман тобы ресми түрде осы жылдың ақпанында құрылды. Топтың жетекшісі Мерей Меңжановтың айтуынша, жас жайдарманшылар тек сахнада өнер көрсетуді негізгі мақсат қылып отырған жоқ. Олар өз замандастарын туған ауылды сүюге шақырады. Расымен де, «Біздің уақыт» жайдарман тобы өздерінің туған ауылдарына деген перзенттік махаббаттарын біраз дәлелдеді. Олардың сахнадағы әзілдері көбіне ауыл тірлігін суреттейді, олар ойнайтын образдардың дені де өз ауылдарының адамдарының прототипі болып келеді. «Біздің уақыт» жайдарман тобы сахнаға шыққалы Батыс Қазақстан өңірі түгілі басқа аймақтар да Көгеріс деген ауылдың бар екенін білді. Көгерістіктер де ауыл балаларының бұл еңбегіне тиісті қолдауын жасап отыр. Топ өздерінің өнер сапарларына демеуші іздеп көп қиналмайды, себебі жанашыр ауылдастары бар.

«Біздің уақыт» жайдарман тобының есімі бүгінде Батыс өңіріне жақсы танымал. Олар биыл Атырау облысындағы Батыс орталық лигасында сәтті өнер көрсетті. Астана қаласына өткен «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық  фестивалінде бұл топқа түгел елордалық көрермен қол соқты. Нұршат Кенжебеков, Серік Иманжүсіп, Әділ Байтенов, Нұрхат Кенжебеков, Мирлан Бергенбай – осы күні облыстағы үздік жайдарманшылардың қатарында.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале