27.12.2017, 15:39
Оқылды: 59

БҚО әкімі Алтай Көлгінов «Жыл әкімі» атанды

Бұл туралы «Қазақ үні» газеті мен qazaquni.kz ұлттық порталы ұйымдастырған «Жыл адамы - 2017» байқауының қорытындысында белгілі болды. 

Басылымның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына және Қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Жыл адамы - 2017» жобасы аясында дауыс беру бір ай бойы - 24 қараша мен 25 желтоқсан аралығында жүргізілген.

Телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы мыңға жуық ұсыныс келіп түскен.
Арнайы құрылған сарапшылар алқасы анықтаған 2017 жылдың үздіктерінің қатарында «Жыл әкімі» аталымына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов лайық деп танылды.

«Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов өңірдің экономикалық-әлеуметтік тынысын арттыруда көп үлес қосуда. Орал қаласының тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи дамуына басымдық беруде. Жас әкімнің назарынан өңірдің ешқандай жері шет қалмауда. Түкпірдегі аудандарға да барып, биыл «Рухани жаңғыру» жылында 20 жыл бойы мәдениет ошағы болмаған ауылға да Мәдениет үйін салдырды», - деп жазады qazaquni.kz сайты.

Айта кету керек, бұл аталым бойынша сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те үздік атанды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале