12.01.2018, 15:51
Оқылды: 58

Бөкейордалық тұрғынның 25 бас малы өртеніп кетті

Бөкей Ордасы ауданы Саралжын ауылы С.Датова көшесіндегі №3/1 үйдің мал және шөп қоралары өртеніп, 5 бас ірі қарасы мен 20 шақты ұсақ малы, 70 бума шөбі жанып кетті.

Оқиға бойынша құжаттар жинақталып, тергеу ретімен аудандық ішкі істер бөліміне жолданды. Өрттің себебі мен келтірілген шығындары анықталуда.

Өрт көбіне отты қараусыз қалдыру, тұрмыстық электр немесе газ құралдарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін сақтамау, балалардың отпен ойнауы салдарынан және қасақаналықтан болуы мүмкін екендігін жұртшылықтың есіне салып, ұқыпты да қырағы болуға шақырамыз.

 Бақтияр КАТЧЕКОВ,

аудандық төтенше жағдайлар

бөлімінің бас маманы, азаматтық

қорғау аға лейтенанты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале