Жәнібек ауданында бүгіннен бастап Марлен Сайхаденов жетекшілік ететін «ЖәнібекСтройСервис» жеке кәсіпкерлігі Жәнібек ауылының тұрғындарына қоғамдық көлік қызметін көрсете бастады.
Көлік ауыл ішімен екі бағытта (төмендегі схема бойынша) жүріп, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері таңертеңгі сағат 07.30-дан бастап кешкі 19.30-ға дейін жолаушылар тасымалдайды. Сенбі күні сағат 09.30-дан бастап түскі 12.30-ға дейін қызмет көрсетеді. Қаңтардың 15-і мен 20-сы аралығында қызмет үшін жолақысы алынбайды. Содан кейін жолақы ересектер үшін 80, ал балалар үшін 40 теңге болады.
А.ЕСІРКЕПОВ
Жәнібек ауданы