Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты сіңіру мақсатында ақсайлық кәсіпкер Нұрсұлтан Дарханов Бөрлі ауданындағы балалар саз мектебіне 50 домбыра тарту етті.
Жарқын іс «Рухани жаңғыру» жобасы аясында іске асты. Қазақтың қазақтығын танытатын қасиетті домбыраны салтанатты түрде табыстаған Нұрсұлтан Айтжанұлы жас домбырашыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысында демеуші, «Батыс Өндіріс Құрылыс Сервис» ЖШС директоры Нұрсұлтан Дарханов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алпамыс Көшкінбаев, аудандық саз мектебінің директоры Әсел Имашевалар сөз сөйлеп, жас домбырашыларға сәттілік тіледі. Ал өз кезегінде домбырашылар Құрманғазының «Барбырауын», «Адай» күйлерін бабына келтіре орындап, демеуші болған ел ағасына алғыстарын жеткізді.
Бүгінде саз мектебінде 404 бала тәлім алса, домбыра сыныбында жүзге жуық шәкірт бар.
Айым НҰРҒАЛИЕВА
Бөрлі ауданы