1.02.2018, 15:47
Оқылды: 102

Ақсай қаласының электронды картасы жасақталады

Ақсай қаласында инженерлік-көлік коммуникациялары мен құрылымдары туралы сенімді цифрлық мәліметтерді қалыптастыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Болашақта моноқала объектілерінің қажетті мәліметі электрондық картада көрсетіледі.

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Тұрлыбек Мұсабаевтың сөзінше, бүгінде бұл жүйе республиканың алты өңірінде іске асуда. Ақсай қаласы бұл тізімге жетінші болып еңбек. Қаланы цифрландыру жобасын облыс, аудан басшылары қолдап, мемлекеттен қаражат бөлуді қарастыруда. Интерактивті карта «Смарт-сити» тұжырымдамасының негізінде жасақталмақ.

- Үш жыл бойы топографиялық түсірілім жүргізіледі. Бұл картаға барлық инженерлік жүйелер, ғимараттар енгізіледі. Бұл ақпарат тұрғындарға қолжетімді болмақ. Сонымен қатар электронды карта мемлекеттік қызметті жақсартуға ықпал етпек. Тұрғындар кез келген ғимараттың мекен жайын анықтай алады, - деп атап өтті аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Раслана Салманова.

Қаланың электронды картасында инженерлік-коммуникациялық желілер, телекоммуникациялар тайға таңба басқандай анық көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдар дәйекті мәліметтерді ұсынған бойда, жоба іске асырыла бастайды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале