2.02.2018, 12:53
Оқылды: 100

Қазталовта мал ұрлығы азаймай отыр

 

Қазталов ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы 13 елді мекенде жалпы құны 2 млрд. 318 мың теңгенің су тарту жұмыстары іске асуда. Қазір бес елді мекенде жұмыстар аяқталған.

 Аудан орталығында былтыр 100 орындық интернат пайдалануға берілген. Аудан бойынша 4390 шаршы метр тұрғын үй салынып, соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 22 тұрғын үй, Талдықұдық ауылында 3 пәтерлі 1 коммуналдық тұрғын үй салынып халық игілігіне берілген. Қазір тұрғын үй кезегінде 226 адам тұр.

Былтыр Қазталов, Жалпақтал ауылдарында 56,7 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 3,2 шақырым тротуар салынған. Жалпақталдан Қараөзен, Жаңажол, Казталов бағыттарына жеке кәсіпкермен ауылішілік, ауыларалық маршрут ұйымдастырылды.

Денсаулық саласына 41,7 млн. теңгеге медициналық аппараттар алынды. Ауданымызға 6 жалпы тәжірибе дәрігері жетіспейді. Аудандық аурухана ғимаратына, Ақпәтер, Жаңажол, Қараөзен, Бостандық медпункттері күрделі жөндеуді қажет етеді. Жалпақтал ауылында кітапхана ғимараты жоқ, оған бос тұрған ғимаратты жөндеуге сметалық құжаттар жасақталды. Талдыапан, Талдықұдық ауылдық клубтарын жөндеуге жобалық құжаттар жасақталмақ.

Ауданда өткен жылы 267 қылмыс, соның ішінде 49 мал ұрлығы тіркеліп отыр. «Бұл бағытта әлі де жүйелі жұмыстарды қоғам болып жүргізу қажет» деді халық алдында есеп берген аудан әкімі Абат Шыныбеков. Әкімнің халық алдындағы есептік кездесуіне облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

kaztalov (16) kaztalov (3) kaztalov (5) kaztalov (17) kaztalov (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале