Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде орналасқан Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылмақ жұмыстар жөніндегі жобалар көрмесі өзіндік маңыздылығымен ерекшеленді.
Жобалар көрмесімен таныстырған аудан әкімі облыс әкімінің орынбасарлары Ғ.Оспанқұлов, Бибігүл Қонысбаеваға жоба-жұмыстар жөнінде түсінік берді.
«Атамекен» кіші бағдарламасына жауапты аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозовтың айтуынша, аудан бойынша 1 әлеуметтік жоба (қаражат көлемі 6,0 млн теңге), 2 инфрақұрылымдық жоба (қаражат көлемі 800 мың теңге), 12 материалдық көмек көрсету жобасы (қаражат көлемі 3478,0 млн теңге), барлығы 10278,0 млн. теңге көлемінде 15 жоба жүзеге асырылды.
2018 жылы ауданымызда «Туған жер» бағдарламасы бойынша әлеуметтік 17 жоба, инфрақұрылымдық 19 жоба, материалдық көмек көрсетуге 4 жоба, барлығы 42,405 млн. теңгеге 40 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы
Суретке түсірген Айбатыр Нұраш