9.02.2018, 16:56
Оқылды: 61

Сырым ауданында 10 мың гектарға дәнді дақыл егілген

Былтыр Сырым ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемi 9,8 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы саласындағы 395 шаруа қожалығында 840 адам жұмыс жасауда. Бұл туралы бүгін тұрғындар алдында есеп берген Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев баяндады.

2017 жылы аудан бойынша барлық дәнді дақылдар көлемі 10 057 гектарды құрап, орташа өнімділік 12,3 центнер болған.

Аудан шаруа қожалықтары «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 156,3 млн. теңгеге мал сатып алған.

- Мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал шаруашылығына 282,2 млн. теңге өсімдік шаруашылығына 27,9 млн. теңге субсидия, 89,7 млн. теңге инвестсубсидия төленді. «Береке» бағдарламасы бойынша ауданда 4 кооператив құрылып, мемлекеттен 240 млн. теңге жеңілдетілген несиеге 1197 бас бұқашықтар сатып алды. Биыл аудан орталығынан «Атамекен-Сырым» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 23 млн. теңгеге модульді мал сою пунктін және «Жібек жолы» шаруа қожалығы 90 млн.теңгеге өнімділігі ауысымына 25 бас ірі қара және қой малы сою пункті іске қосылғалы отыр. Биыл экспортқа 126 тонна ірі қара және 15 тонна қой етін өткізу жоспарлануда,-дейді аудан әкімі Т.Төреғалиев.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

aced765c-a418-453f-8348-37e59f03d39e baaf0712-2867-43ed-b1b8-dc54c1071298 bfe76009-8797-491a-8acf-6813e1318b07 eef34ff9-6e0f-4864-acd0-4af57cd6fa22

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале