12.02.2018, 13:11
Оқылды: 144

Оралда «Қансонар» құсбегілер турнирін тамашалайтын тұрғындар тегін тасымалданады

 karabatur (1)Бұл жайлы республикалық турнирді ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. «Медколледж» аялдамасынан жарысты тамашалаймыз деген қала тұрғындарын «Жайық қалашығына» дейін тегін тасымалдайтын автобустар шығады.

 24-25 ақпан күндері Орал қаласының Орал-Атырау тас жолында Желтаудағы Жайық қалашығы маңында құсбегілер арасында «Қансонар» республикалық турнир өтеді.

Бұл дәртүрлі турнир Батыс Қазақстан облысында алғашқы рет өткізілгелі тұр. Жарысқа республика бойынша 13 облыстан 35-40 құсбегі қатысуы жоспарланған. Атап өтсек, Астана мен Алматы қалаларының, Ақмола,  Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының  құсбегілері жарысқа қатысуға ұсыныс білдірген.

БҚО-да құсбегілердің турнирі тұңғыш рет өтетін болғандықтан, облыс халқы қызығушылық танытып жатыр. Ресейдің  көршілес облыстарынан туристер келуге ниетті.

karabatur (2)БҚО әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының І вице президенті Ерлен Оспанов, Ұлттық спорт түрінен мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Саттыбаев, Ұлттық спорт түрі Саятшылықтан аға жаттықтырушы Базарбек Күнтуғанұлы жарыстың қонағы болады деп хабарлады спорт басқармасы.

Дәстүрлі жарысты БҚО-да өткізудің мақсаты ұлттық спорт түрлерін  дамытуға жаңа серпін беру, өңірімізде сирек кездесетін құсбегілік өнерді насихаттау, қалың жұршылықтың ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру дейді ұйымдастырушылар. «Қансонар» турнирінде еліміздің үздік  құсбегілері анықталады.

Құсбегілердің «Қансонар» турнирі 24 ақпан күні сағат 10:00-де басталады. Жарыстың бірінші күні ат үстінде бүркітті шақыру, құсбегімен құстың байланысы көрсетілсе, екінші күні құсбегілерге қоян, түлкі, қасқыр аулау сияқты түрлі сындар бар.

Нұрлыбек Рахманов,

Сурет құсбегі Руслан Абылдың фейсбук парақшасынан алынды

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале