16.02.2018, 12:11
Оқылды: 33

БҚО-да биыл 77 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

PRI_9896Өңірлер арасында 443 елді мекен болса, соның 37 пайызы ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл жайлы БҚО әкімі Алтай Көлгінов халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. Дәл қазір Оралдағы Оқушылар және жастар сарайында облыс әкімі тұрғындар алдында есеп беруде.

 

- Жыл бойы жүздеген елді мекенде болдық. Шалғайдағы ауыл тұрғындары «жол жетер, алдымен ауыз су келсе» дейді. Себебі сапалы су – денсаулық кепілі.

Бұл мәселені басшылыққа жеткіздік. Ауыз су жеткізу жөнінде Елбасының тапсырмасы берілді. Үкіметтің қолдауы нәтижесінде өткен жылы 13 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Оған 12 аудандағы 60 елді мекенге таза ауыз су жеткізу жұмыстарын бастадық. Бір аудан да тыс қалмады. Мәселен Бөкей ордасы, Қазталов, Жәнібек аудандарының орталықтарында су құбыры болған жоқ. Жаңақала халқы үнемі су мәселесін көтеріп келді. Осы мәселелер шешімін тапты. 178 елді мекенге су жетті. Бөлінген қаржының 9 млрд. теңгесіне 1100 шақырым су құбыры тартылды. Қазір 156 шақырым су құбыры тартылуда, жазға дейін жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Осы ауылдардағы 77 мың тұрғынға таза ауыз су жетіп, облыстағы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу 44 пайызға жетеді,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 

Нұрлыбек Рахман,

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

zhaikpress.kz

PRI_9912 PRI_9922 PRI_9911 PRI_9934

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале