Бүгiн Орал қаласындағы Мәдениет және демалыс саябағында тұрғындар дәстүрлi Масленица мейрамын тойлауда.
Оған облыс əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов және шақырулы меймандар қатысуда.
Қытымыр қысты шығарып салып, жайдары көктемдi қарсы алуға арналған, табиғаттың, адам жанының жаңаруын бiлдiретiн мерекеге жүздеген оралдық жиналды.
Облыстағы ұлттық-мәдени орталықтар өнер көрсетiп, тартысты сайыстар мен қызықты ойындар ойналды.
Жұртшылық бұл күнi мейрамның басты символы құймақтың түр-түрiнен дәм татты.
Масленицада құймақ дайындау iзгiлiк пен жақсылық жасауға ұмтылу дегендi бiлдiредi екен.
Динара Жұмабекқызы
zhaikpress.kz