Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полициясы 22 қаңтардан басталған «Автобус» рейдтік іс-шараларының қорытындысын шығарды.
- Аймағымыздың Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала және Қазталов аудандары көлік иелерімен, оның ішінде жолаушылар тасымалдаумен айналысатын жүргізушілермен жол қозғалысындағы қауіпсіздікке байланысты ауқымды ұғындыру жүргізілді.
Жолаушыларды тасымалдаудың белгіленген қағидаларына жұрттың назарын барынша аудардық. Өкінішке қарай, рейдтік іс-шаралар автожолдардағы көліктік тәртіпті бұзушылық азаймай тұрғанын айқын көрсетіп берді.
Сол 22 қаңтардан бері 64 әкімшілік хаттама толтыруға мәжбүр болдық. Яғни, көлігін техникалық байқаудан өткізбегендер үшін 13, рөлде келе жатып телефонмен сөйлескені үшін 15, маневр тәртібін бұзғаны үшін 19, жылдамдықты асырғаны үшін 14, тиісті құжаттарсыз автомобиль жүргізгені үшін 3 хаттама жасақталды, - дейді мемлекеттік автоинспектор, полиция майоры Сәкен Қазжанов.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы