21.02.2018, 15:28
Оқылды: 55

Оралда пара алған үш полицейге үкім шықты

 

Орал қалалық ІІБ Абай полиция бөлімінің үш қызметкері пара алғаны үшін істі болғаны белгілі. Соған орай өткен апта соңында сот үкімі шықты. Бұл туралы Орал қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Полиция капитандары Альфия Хабибулина мен Бақытжамал Есенәлиева, полиция лейтенанты Әсем Найзабекова сөз байласу ар­қылы ҚР ӘҚБтК 200-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін азаматша Г.Арыстановадан 250 мың теңге пара алады.

А.Хабибулина, Ә.Найзабекова мен Б.Есенәлиеваға биыл 15 ақпанда Орал қалалық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-тармағының 2-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен лауазымды адамның айтарлықтай мөлшерде пара алуы» бойынша үкім шықты.

Пара алғаны үшін айыпталған бұрынғы полицейлердің әрқайсысы параның 70 еселенген сомасы мөлшерінде немесе 17 500 000 теңге айып төлейтін болды. Сонымен қатар олар әскери шендері мен жергілікті өзін өзі басқару және мемлекеттік құрылымдарда қызмет жасау құқығынан өмір бойына айырылды.

Өз тілшіміз

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале