Бүгін Орал қаласында автокөлік қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға сағат 12.00 шамасында болған. «Ауди» автокөлігі ғылыми-техникалық кітапхана тұсындағы жаяу жүргінші өткелінде қыз баланы қағып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, 17 жасар қыз қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр дәрежеде.