12.03.2018, 12:01
Оқылды: 48

Ақжайықта зияткерлік мектептің жобалары жүзеге асуда

 

Еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық әр халықтың ұлттық дәстүрі, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайту керек.

Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылындағы орта мектепте өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әлеуметтік жобаларының жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы «Мәңгілік Елдің» жеті құндылығы негізінде жан-жақты және рухани дамыған тұлға тәрбиелеу» тақырыбында аудандық «Ашық есік» күнінде осы хақында баяндалды. Аудан білім ошақтарының облысымыздағы физика-математика бағытындағы осы зияткерлік мектеппен тығыз байланыста жұмыстану, бірлескен түрдегі семинарлар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жайында жан-жақты әңгімеленді.

Жаңабұлақ мектебінде жергілікті жерлердің мүмкіндіктеріне орай Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Біз-бір отбасымыз» ата-аналар жобасы, «Шаңырақ» қауымдастығының «20 кітап», «Ата-салтым – аманатым», «Туған елге тағзым», «30 ән», «Ата-аналар жұмыс орнындағы бір күн», «Шәмші әндері» әлеуметтік жобалары, акциялары жалғасын табуда. Мұнда «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы сыни тұрғыдан саралай білу бағытында жұмыс жасайды. Қауымдастық пен «Мұражай» үйірмесінің тәжірибелері талқыланды.

«Ұранымыз – тәртіп пен адалдық!» тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мен «Жас полицейлер» клубының «Апта көкжиегі» және «Құқық күні» жобалары таныстырылды. «Ата-салтым – аманатым» жобасы бойынша «Сымбат» қыздар кеңесі, «Ұлағат» ұлдар кеңесі өз жоспарларының орындалу барысын ортаға салды. «Ұлттық физика» үйірмесінің өкілдері қызықты тәжірибелерді көрсетті.

– «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі аясында сазды бағдарлама мектебімізде екі жыл бойы жүргізіліп келе жатқан «Арт фестиваль» жобасы бойынша ұсынылды. Бұған дейін мұндай шара Бударин орта мектебінде ұйымдастырылған еді. Келесі «Ашық есік» күнін ұйымдыстыру эстафетасы Алғабас орта мектебіне тапсырылды,-дейді жаңабұлақтық І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мәрзия Нұрғалиева.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале