27.03.2018, 17:09
Оқылды: 60

Допты хоккейдің ойыншыларымен кездесті

Темирболат Токмамбетов1Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов допты хоккейден «Ақжайық» құрамасының ойыншыларымен кездесті. Жерлес хоккейшілер жуырда Ресейдің Ульяновск қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.

-Спортшыларымыз жыл сайын жағымды жаңалықтарымен қуантып келеді. Бірнеше жылдық еңбектің нәтижесінде допты хоккейден ойыншыларымыз Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.  Бұл жетістікке  Елбасының спортшыларға деген қамқорлығы мен бұқаралық спортты дамыту жолындағы  мемлекеттік саясаттың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Хоккейшілеріміз әлем спортшыларының алдында еліміздің абыройын асқақтатты.  Әлем чемпионатында допты хоккейдің «жілігін шағып, майын ішкен» алпауыт елдермен тең ойнау еліміз үшін үлкен жетістік. Әсіресе, Финляндияны 5:1 есебімен жеңу -  ол  зор тәжірибемен, еңбекпен келген жеңіс дер едім.  Бүгінде «Ақжайық» командасының  80 пайыз ойыншылары  республика құрама командасының сапында ойнап жүр.    Бұл басқосуға келген жаттықтырушылар мен допты хоккейдің ойыншыларына алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз ақталып, биік белестерден көрініңіздер,- деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Содан соң  «Ақжайық» допты хоккей құрама командасының  ойыншыларына облыс әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлығы табысталды. Олардың   қатарында  Ершат Қуанышұлы, Дәурен Бауыржанұлы, Мақсат Шәкіржанұлы, Аян Алмасұлы, Аман Есболатұлы,  Батырбек Әлібекұлы, Александр Борисович, Артур Бекзатұлы, Денис Юрьевич бар.

                                                                              Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

Темирболат Токмамбетов2 Темирболат Токмамбетов4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале