2.04.2018, 13:06
Оқылды: 96

Оралда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жаңа №48 мектеп  Деркөл кентінің «Көкжиек» шағын ауданында орналасқан. 600 оқушыға арналған білім беру нысанының құрылысы 2016 жылдың қараша айында басталған еді. Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

- Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған жаңа мектеп – көптен күткен қуаныш. Бұл жыл басынан бері пайдалануға берілген екінші мектеп. Алдағы уақытта тек облыс орталығында емес, Бөкей Ордасы, Зеленов, Ақжайық, Теректі аудандарында мектептер саламыз. Елбасы білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Облыс бойынша бұл саладағы бюджет соңғы үш жылда 20 млрд. теңгеге көбейді. Биылғы жылға да ауқымды жоспарларымыз бар.

84d8f29d-10bc-44ff-ace3-b0a52aa2949c Мұғалімдер жағдайына да мемлекет басшысы баса назар аударуда. Осы орайда жаңа форматқа оқуға көшкен мұғалімдердің жалақысы көбейетін болады. Оған қазір республикадан тиісті қаражат күтіп отырмыз. Бастысы жыл сайын бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін оқушылар №12 мектепте оқыды. Орын болмады. Енді бұл шағынауданның оқушылары өз мектебінде оқитын болады. Бұл ауданға су берілді, газ келді,  жол да жақсарып келеді. Бұның бәрі - экономикамыздың дамуының көрсеткіші, - деді А.Көлгінов.

40d61d24-a0f2-40d4-bd76-519941b5913dЖалпы аумағы 8,5 мың шаршы метр мектеп ғимаратында 56 кабинет бар. Сонымен қатар 25 оқырманға кітапхана, 2 шеберхана, барлық құралдарымен жабдықталған спорт залы, 200 орындық мәжіліс залы, радиоторап кабинеті, 130 орынға арналған мектеп асханасы салынған. Барлық кабинеттер проектілік экранмен жабдықталған.

Мектепке 500 оқушы, шағын орталыққа 100 оқушы қабылданбақ.

Айта кетейік, жоба құны - 1 255,609 млн. теңге.

zhaikpress.kz

Сурет – Айбатыр Нұраш

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале