3.04.2018, 17:43
Оқылды: 101

Оралда сенаторлармен кездесу өтті

FB_IMG_1522765065768Бүгін облыстық Жастар жəне оқушылар сарайында Қазақстан Парламенті Сенатының сенаторлары Ерболат Мұқаевпен жəне Нариман Төреғалиевпен кездесу өтті.


 

Оған Орал қаласындағы мектептердің директорлары, оқу ісінің меңгерушілері жəне ұстаздар қатысты. Сенаторлар КР Президенті Н. Назарбаевтың бес əлеуметтік бастамасына кеңінен тоқталды жəне оларды жүзеге асыру жайында баяндады.

Олардың пайымдауынша, бес əлеуметтік бастама халыққа неғұрлым жақын жəне олардың əлеуметтік мақсат-мүддесіне сай. Сондықтан бес əлеуметтік бастаманың ойдағыдай жүзеге асатынына сенім білдірді.

FB_IMG_1522765072219Содан соң облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Кадырова жəне Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова аталмыш саладағы жетістіктер жəне қиындықтарға тоқталды, ұсыныстарын айтты.

Сенаторлар аталған лауазым иелеріне айтылған мəселелер жөнінде өздеріне жазбаша арнайы анықтама беруін сұрады. Əрі қарай олар Сенат отырыстарында өңірдің білім саласындағы қиындықтарына байланысты сұрау салып, мəселе көтеретініне сендірді.

Сондай-ақ Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиев қалалық білім саласы қызметкерлерінің өзге де сұрақтарына жауап берді.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале